• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Оқуға ұсынамыз

"Айбарлы ердің сойы еді" Халық батыры Тұрмамбет Төлеғожаұлының туғанына 205 жыл.

"Айбарлы ердің сойы еді"

Тұрмамбет Төлеғожаұлының туғанына 205 жыл.

Тұрмамбет Төлеғожаұлы - халық батыры.

Ескелді атасынан тарайды. Ескелді ауылы көбінесе Тұрмамбеттей батырын, Саназардай байын, Салықбайдай палуанын, Сүгірдей жырауын мақтаныш етеді.

Тұрмамбет шынында да, айтуға тұрарлық бірегей тұлға.

Халық аузында

" Ескелді Тұрмамбет" деген атақпен кеңінен танылған.

Оның аты әсіресе "Балуанияз" жырында көбірек тілге алынады.

Сол жырдың басты кейіпкерінің бірі де Тұрмамбет.

1856 жылдың жазында Хиуаға барған сапарында Хиуа ханының Маңғыстау елін шабуға қол аттандырғалы жатқанынан құлағдар болып, суыт елге бет алады.

Жолшыбай досы Балуанияз батырға соғып, екеуі 60- қа жуық сарбаз жинап, ұрымтал тұс Қараған - Босаға жерінде күші басым жаумен ұрыс салады.

Жау жеңіліп, бірақ осы ұрыста Балуанияз бастаған көп адам ерлікпен қаза табады.

Тұрмамбет содан кейін жыл сайын Балуанияз басына зиярат етіп, дұға бағыштап өтуді дәстүрге айналдырады.

Соңғы сапарында бақилыққа аттанып, Балуанияздың қасына жерленеді.

Саудагер ертіп қасына,

Өзінің пайда басына,

Тұрмамбет барды базарға,

Базардан мақпал аларға.

Айбүйірден асқан соң,

Аттанып шыққан қол көріп,

Жосылып жатқан жол көріп,

Қайта шапты хабарға,

Алдыңғы келген аз ауыл

Самдағы бөлек адайға,

Тұрмамбет келіп сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді.-

Аттанып дұшпан келді, - деп,-

Дұшпанды көзім көрді, - деп,-

Түртпей қалмас бұл жерді

Бөлініп шыққан ер - ді, деп

Бақы батыр, бөрімен, 

Бастығы Оразменді, - деп,

Талқан қылып шапқан - ды

Маңғыстаудағы елді, - деп,-

Осыдан қумай қалсаңыз,

Сындырды ғой 

белді, деп.-

Балуанияз, Балтеке,

Қумаймысың, енді?! 

- деп.-

-Кел , Асеке, қуалық,

Жанның ішін ұралық,

Жігітке бер желді,-деп,-

Осыдан барып өлгенің

Кәусар суын татарсың,

Кең сарайда жатарсың,

Шариғатқа жөн -ді!- деп,

Айбүйірден шапқалы

Азар жеттім еңменіп,

Болдырды атым шөл көріп,

Жалықпас еді жануар,

Мезгілімен суарып,

Оттатпадым жем беріп.

Жүрер еді әлде де

Қамшы бассам дем беріп.

Әулие Бекет жар болып,

Жолықтырған кез келіп.

Енді ,ағайын, сендерге

Хабар бердім мен келіп 

Екі жүздей жәуміттің

Сыртынан келдім шем беріп.

Әй, батырлар, батырлар,

Екі жүз жәуміт аттанды!

Енді бұған амал не?

                                         Қалнияз

Халық батыры  Т. Төлеғожаұлы туралы тереңірек танысқыларыңыз келсе кітапханамыздың 

Өлкетану залынан таба аласыздар. 

: 10:32  


«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің ...

Жаңалыққа өту  

Шуақты күндер — Зейнеп Ахметованың кітабы. Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия ...

Жаңалыққа өту  

Оқуға ұсынамыз. ...

Жаңалыққа өту  

«Қазақтың 100 поэмасы» сериясын оқуға ұсынамыз.

Жаңалыққа өту  

"Кітапхана қорынан" айналымы өз жұмысын жалғастыруда. Назарларыңызға ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдение

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу